Қазақстан Ресейге жанармай жіберетін болды

Қазақстан Ресейге ақыры жанармай жіберетін болды, деп жазады tiek телеграм арнасы.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан шілде-тамыз айларында Ресейге жалпы көлемі шамамен 50 мың тонна АИ-92 және АИ-95 маркалы бензинді гуманитарлық көмек ретінде жеткізуді жоспарлап отыр. Отын Павлодар мұнай-химия зауыты мен «Конденсат» мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілуі мүмкін.
Алайда жеткізілімнің барлық шарттары әлі толық келісілмеген. Келіссөздер жалғасып жатыр. Негізгі мәселелердің бірі – ресейлік сатып алушылармен есеп айырысу кезінде туындауы ықтимал санкциялық тәуекелдер.
Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі Ресей тарапынан Қазақстан бензинін жеткізуге қатысты ресми өтініш түспегенін мәлімдеген болатын. Сондықтан Reuters таратқан ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.



