Саясат
Тренд
Құрылтай сайлауы қашан өтетіні белгілі болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойғанын хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Еліміздегі маңызды саяси науқан биылғы жылдың 23 тамызына белгіленді.
Жарлыққа сәйкес:
— Сайлауға дайындық және оны өткізу жұмыстарын ұйымдастыру Орталық сайлау комиссиясына жүктелді.
— Үкіметке, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың және елорда әкімдеріне сайлауды материалдық-техникалық әрі қаржылық жағынан кідіріссіз қамтамасыз ету тапсырылды.
Құжат ресми жарияланған сәтінен, яғни бүгіннен бастап күшіне енді.



