Экология
Алғашқы АЭС құрылысы келесі жылы басталады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы келесі жылы басталатынын мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қазақстанның уран өндіруден әлемде көш бастап тұрғанын және қажетті ядролық инфрақұрылымға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, осыған байланысты атом энергетикасын дамыту туралы шешім дұрыс таңдау болды.
Президент бұл бастаманы халық 2024 жылғы жалпыхалықтық референдумда қолдағанын еске салды. Оның сөзінше, атом электр станциясы елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, болашақтағы энергияны көп қажет ететін цифрлық экономиканың берік негізіне айналады.


