Қоғам

«Өршіп кетті деуге келмейді»: армия генералы сарбаздар өлімін қалыпты жағдай деп бағалады

Бұрынғы Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев әскердегі оқыс жағдайлар мен сарбаздар өліміне қатыстыпікір білдірді, деп хабарлайды tiek.kz.

Генералдың пікірінше, әскер қатарында болып жатқан келеңсіз оқиғаларды тым асыра сілтеп, жаппай сипатқа ие үрдіс ретінде бағалау қисынсыз.

Қарулы Күштер — бұл тек қатардағы мекеме емес, олмыңдаған жастардың басын қосатын, қару-жарақ пен ауыр техника шоғырланған ерекше стратегиялық нысан. Сондықтан бұл ортадағы кез келген оқиғаға байыппен және терең талдаумен қарау қажет.

«Қазір әскердегі сарбаздар арасындағы жағдай ел ішінде қызу талқыланып жатыр. Бірақ бұл оқиғаларды «өршіп кетті» немесе «бақылаудан шықты» деп айтуға болмайды. Әскери орта болғаннан кейін мұнда әртүрлі жағдайлар болып тұрады, сондықтан мәселеге сабырмен, байқап қарау керек», — дейді Мұхтар Алтынбаев.

Мұхтар Алтынбаев өз сөзінде әскери қызметтің табиғаты қашан да қауіп-қатермен байланысты екенін алға тартады. Бұл тек тәуелсіз Қазақстанның әскеріне ғана тән құбылыс емес. Тіпті қатаң тәртіп орнаған Кеңес өкіметі тұсында да мұндай қайғылы жағдайлар болып тұрғанын алға тартты.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button