Қоғам
Тренд

Қазақстан паспортының дизайны өзгеретін болды

Қазақстанда азаматтық паспорттың жаңа дизайны әзірленуде. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Алайда жаңа құжат қолданысқа енгізілгеннен кейін қазақстандықтарға қолданыстағы паспорттарын ауыстыру міндетті емес.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жаңа паспорттың макетін ведомство дизайнер мамандармен бірлесіп әзірлеуде. Алайда әзірге жобаны аяқтау мерзімі белгіленбеген, сондай-ақ құжаттың ресми эскиздері жарияланған жоқ.

Министрлік соңғы дизайн бекітілгеннен кейін бұл туралы жұртшылыққа белгіленген тәртіппен хабарланатынын атап өтті.

Сонымен қатар ведомство жаңа паспорт қолданысқа енгізілгеннен кейін бұрын берілген паспорттарды міндетті түрде ауыстыру талап етілмейтінін мәлімдеді.

«Жаңа үлгідегі паспорт енгізілгеннен кейін бұрын берілген паспорттарды міндетті түрде ауыстыру көзделмейді. Қолданыстағы үлгідегі паспорттар жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін заңды күшін сақтайды», – деп хабарлады ІІМ.

Яғни азаматтарға жаңа дизайн үшін қосымша ақы төлеп, қолданыстағы паспортын ауыстырудың қажеті жоқ. Олар қазіргі құжатын жарамдылық мерзімі аяқталғанша пайдалана алады.

2026 жылы Қазақстанда паспорт рәсімдеу немесе ауыстыру үшін мемлекеттік баж мөлшері мынадай:

36 беттік паспорт – 34 600 теңге (8 АЕК);

48 беттік паспорт – 51 900 теңге (12 АЕК);

16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік паспорт – 17 300 теңге (4 АЕК).

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button