Саясат
«Ертісбаев зейнетке кетті»: Халық партиясының төрағасы ауысты

Қазақстан Халық партиясының XXIV кезектен тыс съезі өтіп, оған еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатысты.
Жиынның негізгі мәселесі – партияның жаңа басшысын сайлау болды, — делінген мәлімдемеде.
Делегаттардың бірауыздан шешімі бойынша Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып Нұрсұлтан Нұрланұлы Шоқанов сайланды.
Осылайша, Халық партиясын біраз уақыт басқарған Ермұхамет Ертісбаев зейнетке кетті
Съезде сөз сөйлеген Ермұхамет Ертісбаев соңғы үш жылдағы партия жұмысына қорытынды жасады.
Оның айтуынша, осы уақыт ішінде партия қатарына 43 мыңнан астам адам қабылданған.



