Қоғам
Тренд

«Әуе кеңістігі бұзылды»: Атырау аспанында әскери жойғыш ұшақ байқалды

Қорғаныс министрлігі әзірге жауап бермеді.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ Нарсуд ауданының үстінен ұшып өтіп, кейін Сауда базасы жаққа қарай бет алған.

Бұл кадрлар қала тұрғындары арасында қызу талқылау тудырды. Көпшілігі қала үстінен әскери ұшақтың ұшуы немен байланысты болды екен деген сұрақ қойып жатыр.

“Қазақстанның әуе кеңістігі бұзылды. Әуе қорғанысы құралдарын күшейтіп, бөтен ұшу аппараттарын атып түсіру қажет”, “Тыныштық болса екен. Қорқатын болдық қой”, “Ойыншық сияқты. Шынайы болса видеоға түсіріп алаңсыз отырмас едіңдер”, “Жасанды интеллектімен жасалған”, – деп жазды олар.

Ал Қорғаныс министрлігі әзірге жауап бермеді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button