Қоғам
Тренд

Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді

Әскер борышын өтеу барысында алған жарақытанын көз жұмған Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың жаназасы Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды tiek.kz.

Жақындары қаралы жиынның өтетін орны мен уақытын әлеуметтік желіде жариялады.

«Құрметті ағайын-туыс, құда-жекжат, достар, көршілер және көз көрген жамағат. Мұхтар Ербаян Хамитұлының дүниеден озуына байланысты берілетін қонағасының және асының өтетін орны мен уақытын хабарлаймыз. Қонағасы 25 маусымда сағат 19.00-де Гаухартас банкет залында, ал жаназасы 26 маусым күні сағат 10.00-де Шейх Кунта қажы мешітінде оқылып, артынша Бастау мейрамханасында сағат 11.00-де ас беріледі», — делінген хабарламада.

Ербаян Мұхтар 27 маусым күні 24 жасқа толуы тиіс еді.

Еске салсақ, ол 2023 жылдың желтоқсанында Ұлттық ұлан қатарында мерзімді әскери қызметін атқару кезінде ауыр бас-ми жарақатын алған болатын. Содан бері ұзақ уақыт бойы ем қабылдап келген еді.

Ұзақ уақыт бойы төсекке таңылған сарбаз сол күйі оңалмады. 23 маусым күні демі үзылды. Дәрігерлердің айтуынша, оның жүрегі үш рет тоқтап, қайта соққанымен, кешкі сағат 21:00 шамасында біржола тоқтаған.

«Дәрігерлер үш жылға жуық уақыт бойы науқастың өмірін сақтап қалу үшін күресті. Алайда алған аса ауыр жарақаттары мен бас миында орын алған қайтымсыз өзгерістер оның өмірімен үйлеспейтін жағдайға әкелді», – делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мұхтар Ербаян Хамитұлы (@erbayan2024)

 

 

 

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button