Қоғам

Денсаулық сақтау министрлігі Мұхтар Ербаянның отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Денсаулық сақтау министрлігі Мұхтар Ербаянның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды  tiek.kz.

Ведомствоның мәліметінше, дәрігерлер үш жылға жуық уақыт бойы оның өмірін сақтап қалуға күш салған. Алайда ауыр бас-ми жарақаты салдарынан бас миында қайтымсыз өзгерістер болып, науқасты аман алып қалу мүмкін болмаған.

Мұхтар Ербаян 2023 жылдан бері мерзімді әскери қызмет кезінде алған ауыр бас-ми жарақатының салдарынан аса ауыр жағдайда болған. Ұзақ уақыт бойы вегетативтік күйде жатып, қарқынды терапия мен респираторлық қолдау алған. Кейін жағдайы біртіндеп нашарлап, қандағы оттегі деңгейі төмендеп, жүрек ырғағы бұзылып, гемодинамика тұрақсызданған.

Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен ол ем алу үшін Түркияға жіберілген. Онда да бастапқы диагноз расталған.

2026 жылғы маусымда негізгі сырқат аясында инфекциялық асқынулар, сепсис және көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы дамыған.

23 маусым күні сағат 21:40-та оның биологиялық өлімі тіркелді.

Дәрігерлердің мәліметінше, өлімнің тікелей себебі – ауыр бас-ми жарақатының салдары мен соған байланысты дамыған көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы.

Ведомство науқасқа барлық қажетті реанимациялық, емдік және күтім шаралары толық көлемде көрсетілгенін атап өтті.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button