Мәдениет

«Бетіне ине тығып, дуалап тастаған»: желіде Айгүл Иманбаеваға қатысты сұмдық ВИДЕО тарап жатыр

Жаудың алыстан келмейтінін жақсы білемін. Мына сұмдықты кеше таптық, 1 жылдан бері әлі жалғасуда. Адамды осыншалықты жек көруге, қызғануға бола ма?

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікті шошытқан видео жариялады.

Dalanews.kz мәліметінше, өнер иесі үйінің маңынан тағы да белгісіз заттар тауып алған. Оның айтуынша, табылған екі қуыршақтың ішіне өзінің фотосуреті салынған.

Айгүл Иманбаева мұндай жағдайдың бір жылдан бері жалғасып келе жатқанын айтып, бұл әрекетке қатысты ашуын білдірді.

«Жаудың алыстан келмейтінін жақсы білемін. Мына сұмдықты кеше таптық, 1 жылдан бері әлі жалғасуда. Адамды осыншалықты жек көруге, қызғануға бола ма? Құдайдан неге қорықпайсыңдар? Мұның бәрін кім жасап жатқанына дейін біліп отырмын ғой, жүрек бәрібір де сезеді. Неге өздеріңді, болашақ ұрпақтарыңды  ойламайсыздар? Аттарыңды аттап, түстеріңді түстемей-ақ қояйын. 21 ғасырда өмір сүріп жатқан жоқсыздар ма, сендер қай ғасырда қалып кеткенсіздер?» – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір қалдырып, оған қолдау білдірді. Оқырмандар «Құдай сақтасын», «Өзгеге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле», «Не деген тасжүрек адамдар», «Алла сақтасын», «Неге полицияға арыз жазбайсыз?» деген пікірлер жазған.

Еске сала кетейік, Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұраған еді. Сондай-ақ өнер иесі екінші некесінде балалы болу мәселесіне қатысты пікір білдірген болатын. Бұған дейін Айгүл Иманбаева 22 жас шамасында өміріндегі ең қиын сынақтардың бірін бастан өткергенін айтқан. Сонымен қатар Айгүл Иманбаева журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында шәкірттерінен көрген көңіл жарасын айтқан болатын.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button