Қоғам
Тренд

+42 °С ыстық: Синоптиктер ескерту жариялады

«Қазгидромет» бүгін, 21 маусымда дауылды ескерту жариялап, еліміздің Астана, Шымкент қалалары мен 16 облысында қолайсыз ауа райы күтілетінін хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірлерде күндіз 35-42 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Сонымен қатар кей аймақтарда жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.

Ең жоғары температура Қызылорда, Ұлытау, Маңғыстау, Қостанай және Атырау облыстарында тіркелуі мүмкін. Кей жерлерде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейге дейін жетеді.

Астана мен Алматы маңында да қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Желдің екпіні кей өңірлерде 15–20 м/с дейін жетеді.

Мамандар тұрғындарға ыстық ауа райы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды және орманды, ашық аумақтарда от жағудан бас тартуды ескертеді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button