«Келісіп жатырмыз»: Республика партиясы басқа ұйыммен біріге ме?
Республика партиясы жуық арада съез өткізбек. Тілшімізге партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров күн тәртібін айтып берді.
Айтуынша, қазіргі уақытта съез уақыты нақтыланып жатыр
«Respublica» партиясының съезі қашан өтетіні туралы айтатын болсақ, біз қазір делегаттарымызбен келісіп жатырмыз. Жоспар бойынша осы аптада өтуі тиіс еді, бірақ үлгермей жатқандықтан, құдай қаласа, келесі аптада өткіземіз», — дейді партия төрағасы.
— Күн тәртібінде қандай мәселелер болуы мүмкін?
— Күн тәртібінде кейбір өзгерістерді қарастыру қажет. Себебі Конституцияға енгізілген өзгерістер бар, сондай-ақ алдағы сайлауға байланысты өз бағдарламамызды талқылаймыз. Басқа үлкен, күрделі сұрақтар жоқ.
Сондай-ақ ол сөзінде өзге саяси күштермен бірігу мүмкіндігі туралы да пікір білдірді. Айтуынша, әзір ондай қажеттілік жоқ.
«Әзірше ондай мәселелерді көтеріп жатқан жоқпыз. Біздің өз мақсаттарымыз бен көтеріп жүрген мәселелеріміз өз-өзімізге жеткілікті. Сондықтан бізге ешкіммен қосылудың қажеті жоқ», — дейді Айдарбек Қожаназаров.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



