Қоғам

Қайын жұртын қырып тастаған соң Сәрсемалиев Меккеге барып құдайдан кешірім сұрамақ болған

Мен оларды себепсіз өлтірген жоқпын. Бұл әрекетім үшін мені Алладан басқа ешкім түсіне алмайды деп ойладым.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында төрт адамнан тұратын отбасының өліміне қатысты іс қаралып жатыр.

Айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев сот отырысында қылмыстан кейін елден кетіп, Түркия арқылы Меккеге барғанын мойындады,, деп хабарлайды tiek.kz.

«Мен Түркияға қашуға шешім қабылдадым. Жасырынамын деген ой болған жоқ. Тек Алладан кешірім сұрағым келді. Не істегенімді жақсы түсіндім. 10 қарашадан кейін Түркия арқылы Меккеге бардым. Онда шамамен он күндей жалғыз болдым. Сол жерде өз-өзіме қол жұмсау туралы да ой келді. Себебі мені бұл әрекетім үшін Алладан басқа ешкім түсіне алмайды деп ойладым. Бірақ меніңше, олардың да кінәсі болды. Мен оларды себепсіз өлтірген жоқпын», – деді Сәрсемәлиев сотта.

Сот отырысы жалғасып жатыр.

 

Посмотреть в Threads

 

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button