Заң үстемдігі

2 млрд теңге табыс тапқан: «Kizdar.net» сайтының ұйымдастырушылары ұсталды

Алматы қаласының прокуратурасы «Kizdar.net» интернет-ресурсын ұйымдастырушылардың қызметін тоқтаты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.

Болжамды интернет-ресурсты ұйымдастырушылар ұсталды, олардың әрекеттері ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігімен сараланып, соттың санкцияларымен қамауға алынды.

Тінту барысында ірі сомада ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Алдын-ала 2 млрд теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Істің барысы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button