Денсаулық

Ешқашан кесілген қарбыз сатып алмаңыз

Тіпті тоңазытқышта тұрса да, жартылай кесілген немесе беті пленкамен жабылған қарбызды сатып алудан бас тартыңыз.

Маусым айында қарбыз жеу қауіпті. Дәрігерлер мен санитарлық мамандар дәл қазір, яғни жаздың алғашқы айында қарбыз сатып алғанда барынша сақ болу керектігін айтады.

Табиғи жағдайда қарбыз тамыз айының ортасына қарай толық пісіп жетіледі. Ал маусым және шілде айларында сөреге шығатын өнімдерге тез өсіп, іші ерте қызаруы үшін азотты тыңайтқыштарды (нитраттармен) шамадан тыс беруі мүмкін, деп хабарлайды tiek.kz.

Мұндай жолмен піскен қарбыз несімен қауіпті?

Ағзаға көп мөлшерде түскен нитраттар токсинді нитриттерге айналады. Бұл қандағы гемоглобиннің жұмысын бұзып, гипоксияға (оттегі жетіспеушілігіне), жүрек айну, құсу, іштің ауруы мен бас айналуына әкеп соғады. Сәбилер мен аяғы ауыр әйелдер үшін бұл өте қауіпті.

Инфекциялар мен бактериялар

Жаз айларында Астанада күн қатты ысиды. Мұндай ауа райында бактериялар өте тез көбейеді. Сол секілді мамандар қарбызды кесіп сату немесе «піскенін тексеремін» деп пышақ ұрудың үлкен қателік екенін айтады. Пышақ жүзіндегі немесе қарбыздың сыртындағы лас шаң, бактериялар (мысалы, салмонелла, ішек таяқшалары) ішіндегі тәтті жұмсағына өтіп, тез арада жіті ішек инфекциясын тудырады.

Қара жолдың бойындағы қарбыз да қауіпті

Әдетте қарбызды тікелей жол жиегінде, ашық аспан астында көліктен түсіріп сататындар аз емес.

Қарбыз қабығы автокөліктерден шығатын пайдаланылған газдарды, ауыр металдарды (қорғасын т.б.) бойына тез сіңіреді. Мұндай өнімді жуғанмен, зиянды заттардан толық тазарту мүмкін емес.

Сапалы және қауіпсіз қарбызды қалай таңдаймыз?

Денсаулыққа зиян келтірмей, жидектің рахатын көру үшін мына ережелерді жадыңызда ұстаңыз:

Белгісі Қауіпсіз (табиғи) қарбыз Күмәнді (нитратты) қарбыз
Кесілгендегі көрінісі Ішкі жұмсағы түйіршікті (сахарный), жалтырамайды. Кесілген жері тым тегіс, жылтыр және күлгін түске боялғандай көрінеді.
Талшықтары Қарбыз ішіндегі талшықтар ақ немесе ақшыл-сары түсті. Талшықтары жуан, қанық сары немесе қызғылт сары болады.
Сыртындағы дағы Жерге тиіп жатқан бөлігіндегі дағы ашық сары немесе қызғылт сары. Жердегі дағы тым ақшыл немесе мүлдем жоқ.
Дыбысы Шерткенде саңғырлаған, анық дыбыс шығады. Шерткенде тұйық, бос соғылған дыбыс естіледі.

 Маңызды кеңестер

Сату орнына мән беріңіз — жол жиегінен емес, ресми базарлардан, дүкендерден немесе арнайы жабдықталған павильондардан алыңыз. Сатушыдан тауардың сертификатын талап етуге құқығыңыз бар.

Ешқашан кесілген қарбыз алмаңыз: Тіпті тоңазытқышта тұрса да, жартылай кесілген немесе беті пленкамен жабылған қарбызды сатып алудан бас тартыңыз.

Үйге келгенде жақсылап жуыңыз: Қарбызды кеспес бұрын щеткамен және жылы сумен (сабындап) мұқият жуып, кептіріп барып кесіңіз.

Тексерудің қарапайым әдісі: Қарбыздың кішкентай бөлігін бір стақан таза суға салып көріңіз. Егер су тек лайланса – қарбыз таза. Ал егер су бірден қызғылт немесе қызыл түске боялып кетсе – бұл нитраттың белгісі.

Астанаға нағыз қауіпсіз, өздігінен піскен отандық (Түркістан, Батыс өңірлерінің) қарбыздары тамыз айында келіп жетеді. Қазіргі уақытта қарбыз жегіңіз келсе, барынша сақ болып, сенімді орындардан алған жөн.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tiek ақпарат порталы (@tiek.kz)

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button