
Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залын енді, деп хабарлайды tiek.kz.
Салтанатты рәсім Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында өтті.
Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) қабылдау рәсімі өтті.
«Оның спорттағы орасан зор жетістіктері ресми түрде мойындалып, аңызға айналған боксшы әрі өз дәуірінің ең үздік спортшыларының бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте бекітті. Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына алғашқы мүмкіндіктен-ақ қабылданды. Бұл кәсіби бокс әлеміндегі ең жоғары құрметтердің бірі саналады. Енді оның есімі Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо секілді бокс тарихының ұлы тұлғаларымен қатар тұр», — делінген хабарламада.
Мерекелік шара аясында жанкүйерлермен кездесулер, қолтаңба сессиялары және чемпиондардың шеруі ұйымдастырылды.
Мұндай мәртебе кәсіби бокста жоғары нәтижеге қол жеткізген және спорт тарихында із қалдырған тұлғаларға берілетін мәртебе саналады.
Айта кету керек, Головкин кәсіби мансабында 45 жекпе-жек пен 42 жеңіс бар. Оның 37-сі нокаутпен аяқталған. Спорттық мансабында ол WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring журналының беделді белбеуін иеленді. Сондай-ақ ұзақ уақыт бойы салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың әлемдік рейтингінде (Pound-for-Pound) көш бастады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



