
Ақ жол партиясы құрылтай атауынан бас тартты, деп хабарлады tiek.kz.
Астанада өткен кезектен тыс партия съезінде Азат Перуашев бұдан былай саяси ұйымның жиындарын «құрылтай» деп емес “съезд” деп атау керек деген ұсыныс айтты.
«Құрылтай деген еліміз үшін аса мағыналы, ерекше тарихы бар ерекше маңызы бар. Жаңарған парламентке келгеннен кейін партиялық жиналыстарды қайтадан съезд деп атап өтсек дұрыс болатын шығар», — деді Азат Перуашев.
Бүгін Астанада Ақжол партиясының кезектен тыс съезі өтті. Съезд барысында партмия төрағасы Азат Перуашевтің өкілеттігі тоқтатылды. Орнына Дәния Еспаева тағайындалды.
«Біз жай ғана өзгерістерге бастар жолда тұрған жоқпыз, бүгінгі өмірді өзгертіп жатқан оқиғалардың дәл ортасындамыз. Алайда монополия бұл үдеріске кедергі келтіруі мүмкін. Монополияға қарсы ең тиімді құрал – басшылықтың уақытылы ауысып отыруы. Сондықтан тоқмейілсіп кетпей, жаңа идеялар мен бастамалардың дамуына кедергі келтірмес үшін партия төрағасы өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдадым», — деп түсіндірді ПЕруашев өзінің партия төрағалығынан кетуін.



