Қоғам

«Бір топ үйрек» аман болса, Әділетті де сасытады ғой» — Ауыт Мұқибек

«БІР ТОП ҮЙРЕКТІ» ОЙЛАСАМ, «АМАНАТТЫ» АЯП КЕТЕМ..,
Сонымен AMANAT партиясы «Әділет» партиясына қосылып тынды.
Бір мүшесі шығып, «Былай болуы керек еді…» дей алған жоқ!
Қорасымен қосылуды қолдап, шапалақ соқты.
Жалпы, «Нұр Отан» болсын, «Аманат» болсын, партия байқұста тұрған дәнеңе жоқ. Гап — соны басқаратын, жетекшілік ететін адамда!
Қалай десек те, «Аманат» сүйекті партия болды. Оның басына кімдер келіп саңғытпады дейсің, байқұс бәріне шыдады.
Енді «Аманаттың» Мәжілістегі мүшелері өңмеңдеп «Әділетке» жүгірері анық.
Арысын айтпағанда, Мәжілістің осы соңғы шақырылымында, аз болса да, мықты жігіттер болды.
Солардың ішінен біразының «Әділет» арқылы «сайлауға» түсіп, Құрылтай төрінде отырғаны дұрыс.
Мен жақсы білем, Еділ Жаңбыршин мен Самат Мусабаев «Әділетке» бармайды!
Бір партиядан екінші партияға секіруді олардың қаламасы анық.
Себебі, екеуі де өзіндік ҰСТАНЫМДАРЫ бар НАМЫСТЫ жігіттер!
Ал, Мурат Абенов, Айдос Сарым, Ерлан Саиров, Unzila Shapak — тарға бәрібір.
Олар бара береді.
Бір жағынан, мен бұлардың «Әділетке» барғандары дұрыс деп ойлаймын.
Өйткені, бұлар «Әділет» үшін табылмайтын тұлғалар. Не айт десе, соны жақтары талмай айта береді. Конвенция, Конституция дегендеріңді ұрмайды, шаш ал десең, бас алады…
Екінші жағынан, бұлар «Әділетке» бармаса екен деп тілеймін.
Себебі, марқұм Рахымжан Отарбаев ағамыз айтқан «Бір топ үйрек» туралы  әңгіме естеріңізде болар.
Ақыры «Аманатты» шірітті. Соңында, таратып тынды.
Бұл «бір топ…» аман болса, «Әділетті» сасытады ғой!
Осы жағын ойласам, «Әділетті» аяймын…
Ауыт Мұқибектің facebook парақшасынан

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button