Илон Маск адамзат тарихындағы алғашқы триллионер атанды

Америкалық кәсіпкер, Tesla мен SpaceX компанияларының негізін қалаушы Elon Musk әлем тарихындағы алғашқы триллионер атанды, деп хабарлайды tiek.kz.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, оның байлығы SpaceX компаниясы ІРО нарығын бағындырғаннан кейін байлығы 1,1 триллион доллардан асып жығылған.
Нарықтағы алғашқы жария орналастырудан (IPO) кейін SpaceX компаниясының жалпы құны шамамен 1,77 триллион долларға бағаланды. Осы компанияның жартысына жуық акциясына иелік ететін Масктың осы жобадағы жеке үлесі 840-860 миллиард доллар болып отыр.
Бұған дейін Forbes және Reuters агенттіктері оның байлығын шамамен 780-790 миллиард доллар деп бағалап келген еді.
Бүгінгі тарихи IPO-дан кейін, Tesla, xAI (жасанды интеллект стартапы) және X (бұрынғы Twitter) желісіндегі активтерін қосқанда, Илон Масктың жиынтық капиталы 1,1 триллион доллардан асып отыр.



