Экономика
Тренд

Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі тамызда қаралатын болды

Үкіметте өткен брифингте Қазақстан халқының табысын арттыру жоспары таныстырылды.

Жиында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін талқыға салды.

“Ең төменгі жалақыны арттыру мәселесі көптен бері көтеріліп келеді. Біз оны көтереміз. Алайда бәрі бюджет мүмкіндігіне байланысты болады”, – деді вице-министр.

Азамат Әмриннің айтуынша, қазір 2027 жылға арналған бюджетті қалыптастыру жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін мамандарға 2025 жылдың қорытынды статистикалық деректері қажет. Бұл мәліметтер 1 тамызда белгілі болады.

“1 тамыздан кейін 2025 жылдың қорытынды статистикалық деректерін аламыз. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының нәтижелері де қолымызда болады. Осы көрсеткіштер 2027 жылға арналған бюджет кірістерінің болжамын қалыптастыруға негіз болады. Сондықтан бюджет ең төменгі жалақыны қаншалықты арттыруға мүмкіндік беретінін нақты түсінеміз”, – деді Азамат Әмрин.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button