Қоғам

ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасов ұсталды деген ақпарат рас болып шықты, деп хабарлады tiek.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын растады.

Қазіргі уақытта істі ҰҚК департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатыр.

Қылмыстық іс материалдарында 40 миллион теңге көлеміндегі сома және тағы бір күдікті туралы деректер бар.

Сондай-ақ ұсталғаннан кейін Мейіржан Мұқасов процессуалдық келісім жасауға ниет білдіргенімен, кейіннен бұл шешімінен бас тартқаны айтылған.

ҰҚК өкілдері қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады ведомство.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау қаласы әкімінің орынбасарынан бөлек, «Тұрғын үйлерге қалалық коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС бас директорының орынбасарына да қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button