«Қазақ тірі адамға сәукеле кигізбеген, ол өліктің киімі» — уағызшы Арман Қуанышбаев
Өлген адамға кигізілетін нәрсе. Оны тірі адам кимейді.

Желіде уағызшы Арман Қуанышбаевтың тағы бір даулы видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды tiek.kz.
Уағызшы бұл жолы қазақтың ұлттық киімі – сәукелеге қатысты пікір біллірген. Айтуынша, тірі адам сәукеле кимеген, өлік жөнелтетін жоралғы киім.
«Қызыңызды ұзатсаңыз, «еті де сенікі, сүйегі де сенікі» деп ұзатасыз. Сол үшін қызға өлі-тірісін береді. Ол «өлді» деп айтылады. Қазақ халқында өлген адамға сәукеле кигізетін салт болған. Анау Алтын адамның басындағы сәукелені білесіздер ме? Сол өлген адамға кигізілетін нәрсе. Оны тірі адам кимейді. Қызға сол үшін ұзатып жатқанда сәукеле кигізеді. Себебі, мынау қыз біздің үйден кетті, бітті. Яғни ол өлсе де сүйегі мынау үйден шықпайды, жерлемейміз. Кімге кетті, соныңүйінен шығады сүйегі. Қазақ қызды солай алған», — дейді уағызшы.
Уағызшының бұл тәпсірі желі қолданушылары арасында резонанс тудырып жатыр. Мәселен, Қаламқас Есім деген желі қолданушысы «Мынау имам айдаладағы Пайғамбарлардың өмірбаянын жаттағанша, шошақ бөрікті Сақ тайпасын неге оқымайды?», — деп ренішін білдірген.
«Мынау имамның тәпсірі қалай?
Сәукеле қазақ қызының ең бақытты, ең сұлу сәтінде киетін салтанатты бас киімі емес пе? Ежелгі тәңірлік дүниетанымынан келе жатқан сәукеленің астарлы мәні Күнге, көкке ұмтылудың тазалық белгісі емес пе? Оның ұшындағы құс қауырсыны еркіндіктің символы емес пе?
Енді сәукелеге ауыз салған ба?
Бұл имам айдаладағы Пайғамбарлардың өмірбаянын жаттағанша, шошақ бөрікті Сақ тайпасын неге оқымайды?
Ал қазақтың құдалар арасында жасалатын өлі-тірі кәдесі, екі жақтың құдалығының бекігенін, енді уәденің жай сөз емес екенін көрсету.
«Тірі болсақ, құдалығымыз жалғасады.
Өлі болсақ та, арамыздағы уәде бұзылмайды»деген түсінік емес пе?
Неге бұлар бәрін өлімге әкеп тіреп қояды?», — деп ренішін білдірген желі қолданушысы.



