Экономика
Тренд

Зейнетақы жинағын алу қиындады: БЖЗҚ жеткіліктілік шегін тағы көтерді

20 жастағы азаматтар үшін жеткіліктілік шегі – 6,6 миллион теңге; 62 жастағы азаматтар үшін – 23,5 миллион теңге.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінің жаңа мөлшерлерін жариялады

Жаңа әдістеме бойынша шек әр жас санаты үшін жеке есептеледі. Есептеу кезінде болашақ зейнетақы төлемдері, демографиялық көрсеткіштер, зейнетақы активтерінің инвестициялық табыстылығы және төлемдерді индекстеу факторлары ескеріледі.

Жарияланған мәліметке сәйкес: 20 жастағы азаматтар үшін жеткіліктілік шегі – 6,6 миллион теңге; 62 жастағы азаматтар үшін – 23,5 миллион теңге.

Қордың мәліметінше, жаңа шектер салымшының жасына қарай 79 пайыздан астам мөлшерде өскен. Зейнет жасына жақындаған сайын қажетті жинақ көлеміне қойылатын талап та жоғарылай түседі.

Сондықтан тұрғын үй сатып алу немесе емделуге пайдалану үшін алуға болатын артық қаражат көлемі азаюы мүмкін. БЖЗҚ сондай-ақ зейнеткерлік жасқа жақындаған азаматтар үшін жеткіліктілік шегі кей жағдайларда екі еседен де көп өскенін атап өтті.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button