Мәдениет

«Қазақты жою үшін Баянға біреу ақша берген»: Емші Бағдагүл тағы бір сұмдық мәлімдеме жасады

Біз жалаңаш қыздарымыздың ары мен ұятын сатайық па, ақша үшін?

Ақтөбелік емші, сынықшы Бағдагүл продюсер Баян Алагөзоваға шүйлігіп, тағы да мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

Сынықшы Бағдагүл үндеуін халыққа арнап: «Халқым, сіздер қателеспеңіздер! Баян ханым жүз елу адамға үй берсе, тоқсандағы атаға үй берсе, біз ана тілімізді сол ақшаға сатайық па?

Біз жалаңаш қыздарымыздың ары мен ұятын сатайық па, ақша үшін? Неге ақша үшін арсыз боламыз?

Баян ханым, сіз осының бәрін қазақ тілінде сөйлеп, салт дәстүрімізді сақтап, аруларымыздың ар ожданын сақтап, ойлап жасасаңыз, әрине дұрыс.

Ал мынау үлкен ұлтқа қастандық. Мүмкін сізге осы ақшаларды беріп, қазақты жоюға тапсырыс берген жоқ па ешкім?» деп, қазақ қазақша сөйлеуі керегін тағы қадап айтты.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button