Саясат
Тренд
Тоқаев Президент, Құрылтай, «Халық Кеңесі» туралы конституциялық заңдарға қол қойды
Қазақстанда вице-президент лауазымы енгізілді.

Мемлекет басшысы Президент, Құрылтай, «Халық Кеңесі» туралы конституциялық заңдарға қол қойды, деп хабарлады tiek.kz.
Сонымен қатар Астананың мәртебесі мен әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңдар да қабылданды.
Президент туралы заңдағы басты өзгерістердің бірі – вице-президент лауазымының енгізілуі. Бұл қызмет иесі президенттің мемлекеттік органдармен жұмыс істеуі кезінде оның мүддесін білдіреді.
Құрылтай бір палаталы парламент ретінде құрылып, 145 депутаттан тұрады.
Алғашқы сайлау тамыз айында өткізіледі деп жоспарланып отыр.



