Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдік азаматқа тұрмысқа шықты

Әлеуметтік желілерде белгілі кәсіпкер, «Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынайдың үйлену тойынан түсірілген кадрлар кеңінен тарап, көпшіліктің назарын аударды.
Желіде жарияланған ақпараттарға сүйенсек, Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай ұзақ уақыт бойы Лондонда тұрады және модельдік саламен айналысады. Оның талғамы мен сұлулығы тойдың өту форматынан да анық байқалады.
«Тоғызыншы мамырда Лондондағы әкімдікте жақындарымыздың ортасында некемізді қидық, күн жауын-шашынды болады деген болжамға қарамастан аспан ашық болды, бұл менің ресми түрде ОДжей ханым атанған күнім», — деп жазған Алтынайдың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұл жаңалық Threads және өзге де әлеуметтік платформаларда үлкен резонанс тудырған. Желі қолданушылары жас жұбайлардың талғампаз бейнесі мен ерекше форматта өткен салтанатты шараны жарыса талқылауда.
Желі қолданушыларының бірі былай деп жазған: «Қалыңдықтың есімі – Алтынай, ол Жәкішевтің қызы. Модель, Лондонда тұрады. Өзі өте ақылды әрі харизмасы жоғары тұлға. Күйеу жігіттің жолы болған екен!».
Тойдың басты ерекшелігі -оның халықаралық форматта өтуі. Кадрлардан күйеу жігіттің шетелдік азамат екені аңғарылады. Осылайша, екі түрлі мәдениет тоғысқан заманауи мерекелік кеш өзгеше сипатта ұйымдастырылған.
Желі қолданушылары жас жұбайлардың үйлену тойынан үзінділер көріп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Көпшілік Алтынайдың ақылы мен көркіне тәнті болып, жаңа өмірге қадам басқан жастарға бақыт тілеуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



