Қоғам

«Өркениетті елміз»: Тоқаевтың сынынан кейін Перуашев «Штрафстан» деген сөзінен айнып қалды

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанды «Штрафстан» деп атаған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды tiek.kz.

«Өткен жылы мен осындай мәлімдеме жасаған кезде, Қазақстанды «Штрафстан» деп атау дұрыс емес екенін мойындадым. Парламент депутаттары сөзін мұқият әрі салмақтап айтуы тиіс. Бұл сөзді бір жыл бұрын айттым. Кеше президент тек мені ғана емес, басқа да азаматтарды сынға алды. Бұл жұмыс, бұл өмір. Біз президенттің сынын қабылдап, одан сабақ алып, әрі қарай жұмыс істеуіміз керек», – деді депутат.

Депутаттың  айтуынша, Қазақстанды  «Штрафстан» деп атауға болмайды. Себебі еліміз өркениетті қадамға бет бұрып келеді.

«Біздің еліміз – Қазақстан. Бұл «Штрафстан емес. Біз өркениетті мемлекетпіз», – дейді Перуашев мырза.

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Азат Перуашев әкімшілік жазаларды қатаңдатуға қатысты заң жобасын талқылау кезінде Қазақстанның «штрафстанға айналып бара жатқанын» айтқан еді.

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жұмыс сапары барысында елге түрлі лақап ат қоюды сынап, мұндай әрекеттердің мемлекет беделіне нұқсан келтіретінін айтқан болатын.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button