Заң үстемдігі
Тренд

Қостанайда қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды

Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаеваның ұсталғаны рас болып шықты.

Қостанай облысының прокуратурасы мәлімдеме жасап, Гүлсім Оразбаеваның ұсталғанын растады.

Ведомствоның мәліметінше, Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша ұсталған. Қазіргі уақытта облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Тергеу нұсқасына сәйкес, білім бөлімінің қызметкерлері өзге тұлғалармен бірлесіп, бөлімге қарасты білім беру ұйымдарына бөлінген бюджет қаражатын жымқырған деген күдікке ілінген.

Прокуратураның хабарлауынша, 2026 жылғы 1 маусымда күдіктілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты мекенжайларында бірқатар тергеу әрекеттері, оның ішінде тінту жұмыстары жүргізілген.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button