Қоғам

7 жасар Бақтыбай халықаралық олимпиадада күміс жүлде иеленді

Қазақстандық оқушы халықаралық олимпиадада күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды tiek.kz.

Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 1-сынып оқушысы, 7 жасар Бақтыбай Мұхаммед Түркияның Анталия қаласында өткен VIII Халықаралық FEMO математика олимпиадасында 2-орын алып, күміс медаль қанжығасына байлады.

Халықаралық додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 560 оқушы қатысқан.

Мұхаммед өзінің тым жас екендігіне қарамастан, математикалық дайындығының жоғары деңгейін көрсетіп, Қазақстанның намысын халықаралық аренада лайықты қорғап шықты.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button