Қоғам

Павлодарда белгісіз біреу тұрғын үйдің кіреберісін бензин құйып өртемек болған

Белгісіз біреу бүгін таңертең Павлодардағы тұрғын үйлердің біріне бензин құйылған канистрмен келіп, подъезді өртемек болған.

Оқиға туралы әлеуметтік желілерде куәгерлер хабарлаған. Олардың айтуынша, ер адам подъезд ішінде жүгіріп жүріп, қабырғаларға, еденге және алаңшаға шыққан тұрғындарға бензин шашқан. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушының жеке басы анықталған.

«Қазіргі уақытта оны ұстау шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданады», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Болған жағдайдың мән-жайы анықталуда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Iskander Netpay (@1skann)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button