Спорт
Тренд

«Қаржы толық көлемде төленеді»: Туризм және спорт министрлігі Шайдоровпен келісімге келгенін хабарлады

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ресми түсініктеме жасап, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың мәселесі шешілгенін хабарлады.

Айтуынша, жақын күндері келісімшартта көзделген барлық қаржы толық көлемде төленеді.

«Михаил Шайдоров – отандық спорттың мақтанышы, өз есімін ел спортының тарихына алтын әріптермен жазған саңлақ. Біз оны әрдайым қолдаймыз және халықаралық аренада табысты өнер көрсетіп, биік жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз. Қоғамда кеңінен талқыланып жатқан келісімшарт мәселесіне тоқталсам, бүгінгі күні келісімшарт Шайдоровтың командасына жолданды және оған қол қойылды. Қол қою рәсімінің барлығы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өтті. Тараптар ортақ мәмілеге келіп, келісімшарттың барлық тармағын жан-жақты талқылады. Құжатқа қол қойылғаннан кейін министрлік оны жұмыс тәртібімен қабылдады. Алдағы уақытта келісімшартта көзделген барлық қаржы толық көлемде төленеді», — делінген хабарламада.

Бұған дейін олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров отандық подкастардың бірінде жалақының уақытылы төленбей жатқанын айтқан еді.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button