Заң үстемдігі

Паранжаға тыйым: мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда азаматтардың бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салу талабын сақтауын қамтамасыз етуді жалғастыруда, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл норма «Құқық бұзушылық профилактикасы» заңының 75-бабы 3-тармағында көзделген. Адамның түр-сипатын көзбен тануға кедергі келтіретіндей дәрежеде бетті жабатын киімдерді кию құқық бұзушылық болып саналады.

Тыйым ауа райы жағдайларына және медициналық ұсынымдарға қатысты қолданылмайды. Сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде де тыйым салынбайды. Жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабында белгіленген. Атап айтқанда, алғашқы құқық бұзушылық үшін ескерту қарастырылған.

Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Қазіргі уақытта аталған құқық бұзушылық бойынша 1179 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Тыйым тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын және бет-жүзді жасыратын кез келген киім түріне қатысты қолданылатынын атап өтеміз. Ішкі істер органдары Заң мен Тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып, азаматтарды қоғамдық орындарда белгіленген ережелерді сақтауға шақырады»,- деді ІІМ.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button