Қоғам
Тренд

Кейбір өзге ұлт өкілдері «қандаспын» деп азаматтық алып жатыр» — Мәжіліс депутаты

«Қандаспын» деп азаматтық алып, мемлекеттің барлық қолдауына ие болып жүрген өзге ұлт өкілдері көп. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантай мәлім етті, деп хабарлайды tiek.kz.

Айтуынша, бірнеше күннен бері шу болып жатқан көші-қонға қатысты өзгерістер енгізу мәселесі осындай жайттардың алдын алу мақсатында қарастырылып жатыр.

«Жалпы, көші-қон саясатын қайта қарау қажеттіліктен туындап отыр және оған тек бір қырынан қарауға болмайды. Қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайды жасыру мүмкін емес. Өзгенің атын жамылып, «қандаспын» деп азаматтық алып, мемлекеттің барлық қолдауына ие болып жүрген өзге ұлт өкілдері туралы ақпараттар бар. Сонымен қатар, бұл жағдай ел қауіпсіздігіне де қатер төндіруі мүмкін. Тіпті, азаматтық алар кезде генетикалық сараптама жасату туралы да ұсыныстарды естідім. Сондықтан бұл — өте күрделі әрі жан-жақты мәселе. Әрине, Қазақстан көші-қон үдерісіне мүдделі. Біз ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұмыс күші тапшы өңірлер мен шекаралас аймақтарды қоныстандыру тұрғысынан бұл үрдісті қолдаймыз. Дегенмен, мемлекет қауіпсіздігіне байланысты талаптарды қатаңдату қарастырылып жатқанынан хабардармыз. Ал нақты қандай талаптар қойылатынын қазірше кесіп айту ерте», — деп жауап берді депутат тілшіміздің сауалына.

28 мамырда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев Көші-қон мәселесіне байланысты пилотттық жобаны таныстырған еді. Тұяқов мырза «жаңа пилоттық жоба енгізілсе, үміткерлерге бұдан былай «қандас» деген басымдық берілмейтінін, азаматтық алғысы келетіндердің елге пайдасы бар-жоғына қарайтынын айтты. Сондай-ақ Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндердің қазақ тілінен сынақ тапсырмақ.

Алайда бұл пилоттық жоба депутаттардың қарсылығына ұшарады. Айтуынша, құжат қандастар көшіне тосқауыл қояды.

Пилоттық жоба – Еңбек, Жасанды интеллект және Ішкі істер министрлігі бастаған үш ведомстваның бірлесіп шығарған құжаты.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button