«Қанды қаңтарда шетел асып кеткендер қайтадан елге келіп лекция оқи бастады» — заңгер
Ертең Ақордадан Дикий Арман лекция оқып тұрмасын!

Қанды Қаңтарда Қайрат ағасымен бірге түскен суретін өшіріп, шетел асқан адам халыққа қайта ақыл айта бастаған ба?
Елдің басына күн туғанда елден қашатын екіжүзділерден қорқу керек!
Мұхамеджан Тазабек ағамыздың «Мен кешімді өткіздім, ал не істейсіңдер?» деп жазған жазбасын оқыдым.
Елдің атынан емес, өзімнің атымнан жауап бере салайын.
«Ел Марсқа ұшып, әлем ғарышқа кетіп жатыр» деп дәл сіз ақыл айтпай-ақ қойыңызшы, Мұхамеджан аға!
Әлемнің ғарышқа кеткенін сіз енді көріп отырсыз ба?
Мен оны осыдан жиырма жыл бұрын көргенмін.
Жастарымыздың миы уланып Сирияға кетіп, қыздарымыз бес еркектен талақ алып, қараңғылыққа кетіп жатқанда, сол жастардың көзін ашу үшін аянбай күресетін кезде сіз қайда болдыңыз Мұхамеджан аға?
Осыдан жиырма жыл бұрын миы уланған жастар Сирияға кетіп жатқанда, осы ақылды неге айтпадыңыз, оу ақыл ойы көп кемеңгер аға?
«8 наурызды тойлауға болмайды» деп әйелдердің шүберегімен, мерекесімен алысып, әр үйде тойып алып, кекіріп отырып уағыз айтып енді қай бетіңізбен бізге ақыл айтып отырсыз?
Тектілік жайлы сіз айтпай-ақ қойыңыз аға!
Тектілер өз ұлтының ұлдарын Сирияға өлімге жіберіп қарап отырмайды. Оларды қараңғылыққа шақырмайды!
Осыдан жиырма жыл бұрын, Сіз бастаған топтың уағыздарына тойған еркек қауымы жаһандану мен цифрландыруды емес, әйелмен алысуды, төрт қатын алуды ғана ойлады.
Сол кездегі әңгімелеріңіз «Жұмаққа баруды ойла» деген насихатпен өтті. Соның кесірінен біраз мисыздар бұл өмірден тезірек кетіп, жұмаққа барып, хор қыздарымен «демалуды» армандады.
Әлеммен бірге дамитын кезде, сіздердің кекіріп отырып айтқан уағыздарыңызды тыңдаған еркектер әйелдермен арпалысып жүрді.
Енді келіп елге ренжисіз. Не деп ренжисіз айтыңызшы? Бұл өзіңіз қолдан жасаған қоғам!
Осыдан жиырма жыл бұрын ел алдына шығып, халықтың несібесін жеп жатқан жемқорлармен күрескендеріңізде, әйеліне қол көтеретіндермен күрескендеріңізде — біз қазір әлемді өзіне қарататын ел болар едік.
«Медиада байбалам сала беріңдер, бәрібір біз жеңдік, мен уағызымды айта беремін» деп отырсыз ба?
Кешіресіз, халық бұрынғыдай қараңғы емес!
Өзіңіз айтпақшы, әлем цифрланып жатыр. Халық сіздің ақылыңызға мұқтаж емес!
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қанды Қаңтарда шетел асып, кофе ішіп кеткендер неге қайта елге келіп лекция оқи бастаған?
Қайрат Сатыбалды ағасы колледжде, Мұхамеджан інісі Оралда лекция оқуына кім рұқсат берді?
Шұғыл тексеріңдер!
Ертең Ақордадан Дикий Арман лекция оқып тұрмасын!
Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан



