«Әлеуметтік масылдық»: Еңбек министрлігі қандастарға артықшылық беретін ережені алып тастамақ

Бұдан былай мемлекет сырттан келетін шетел азаматтарын қандастар және өзгелер бөліп-жармайды. Қазақстанда тұрып, өз өмірін осы елмен байланыстырғысы келген кез келген адамға есік ашық. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ербол Тұяқбаев мәлім етті, деп хабарлайды tiek.kz.
Бізде заңда жазылғандай, біз барлығын — қандастарды да, шетелден келген басқа да азаматтарды қабылдаймыз. Бірақ біз өз мемлекеттік мүддемізді қорғау, демографиялық және еңбек саясатының теңгерімін сақтау үшін осындай шараларды қабылдап отырмыз. Яғни қандас болсын, басқа шетел азаматы болсын — егер адам Қазақстанда тұрып, өз өмірін осы елмен байланыстырғысы келсе, мемлекет азаматтық алу процесіне көмектеседі, – дейді ол.
Айтуынша, бұл жерде ең алдымен елдің экономикалық және демографиялық мүдделерін ескерілуі керек.
Біз елге тек сұранысқа ие мамандарды тартуға әрқашан ашықпыз, әрқашан дайынбыз. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысының Жарлығымен «Алтын виза» бойынша жұмыстар қабылданды, бұл бағыт әрі қарай жалғасын табады. Егер қандастарымыз скоринг жүйесінен өтіп, пилоттық жоба аясында барлық талаптарды орындаса, біз оларды құшақ жая қарсы аламыз. Мұнда тек тіл мәселесі емес, қазақ тілін білуі, жоғары білімі бар екенін растауы керек. Олар ертең Қазақстанға келген кезде ешқандай әлеуметтік масылдыққа салынбайтындай жағдайда болып, өз мүмкіндіктерін дәлелдеуі керек», — дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



