Спорт

Тау спортшылары сапалы трассалардың тапшылығынан көрші елдерде жаттығуға мәжбүр

Спорт қоғамдастығының өкілдері Алматы тау кластерін дамытуды қолдап, қалаға халықаралық деңгейдегі заманауи тау жобасы шұғыл түрде қажет екенін мәлімдеді.

Спортшылардың айтуынша, бүгінде қазақстандық тау спортшыларының көбі заманауи тау инфрақұрылымы мен сапалы трассалардың тапшылығынан көрші елдерде жаттығуға және оқу-жаттығу жиындарын өткізуге мәжбүр.

«Алматының Орталық Азиядағы қысқы спорт пен тау туризмінің орталығына айналуына толық әлеуеті бар. Бірақ біз уақыт жоғалтып жатқанда, тау спортшыларымыз көрші елдерде жаттығып жүр. Алматы тау кластерін дамыту — бұл тек туризм ғана емес, бұл спорт, жастар, халықаралық имидж және қала экономикасы», – деп атап өтті тау шаңғысы спорты бойынша бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы Роман Григоров.

Спортшылар сонымен қатар бұл жобаны жүзеге асыру спорттың бұқаралық сипат алуын қамтамасыз етуге, тау инфрақұрылымын жастар үшін қолжетімді етуге және болашақ чемпиондарды дайындауға жаңа мүмкіндіктер жасауға жол ашатынын қадап айтты.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button