Қоғам
Тренд

Арқалықта мектеп өртеніп жатыр

Арқалықта мектепте өрт шықты.

Оқыс оқиға Қостанай облысы Арқалық қаласында болып жатыр. Тұрғындар жіберген видеода 4 қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқаны байқалады.

Куәгерлердің айтуынша қызыл жалынға оранған 5-мектеп ғимараты.

ТЖМ мәліметінше, хабарлама түскеннен кейін 3 минут ішінде оқиға орнына алғашқы бөлімше жетті. Оқиға орнына келген кезде ғимарат шатырының алдын ала 1100 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.

Өртті сөндіруге өрт сөндіру бөлімдерінің және ТЖМ жедел-құтқару жасағының күштері жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істеуде.

Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Үздіксіз су беру үшін нысаннан 300 метр қашықтықта орналасқан екі өрт гидранты пайдаланылуда.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button