Денсаулық

Wedrink сусындары денсаулыққа зиян: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті танымал Wedrink желісінің сусындарына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлады, деп хабарлайды tiek.kz.

Министрлік бұл брендтің сусындарында қант деңгейі жоғары қою сироптар бар екенін, сондықтан оларды шамадан тыс тұтыну денсаулыққа теріс әсер етуі мүмкін екенін атап өткен.

«Мұндай өнімдерді шамадан тыс пайдалану асқазанда ауырлық сезімін тудырып, қандағы қант деңгейінің көтерілуіне ықпал етуі мүмкін. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдерге бұл сусындарды көп ішуге кеңес берілмейді», — деп хабарлаған ведомство SHYNDYK.KZ редакциясының сауалына.

Улану жағдайлары тіркелді ме?

Денсаулық сақтау министрлігі ресми түрде мәлімдеді: бүгінгі таңда Wedrink өнімдерінен жаппай тамақтан улану туралы өтініштер түскен жоқ. Өңірлердегі инфекциялық стационарлармен бірлесіп жүргізілген талдау да аталған брендпен байланысты улану фактілерін анықтаған жоқ.

Ведомство егер азаматтарда уланудың расталған жағдайлары болса, олар медициналық құжаттармен бірге аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне жүгінуі қажет екенін ескертті. Осының негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілетіні айтылған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button