Оқиға
Тренд

Павлодарда жер сілкінді

Павлодар облысында жер сілкінді.

Сағат 11:32-де Екібастұз қаласы аумағында жер сілкінісі дүмпулері тіркелгені туралы ақпарат келіп түсті.
Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдары жауапты қызметтердің жұмысын үйлестіруде. Алдын ала мәліметтер бойынша, жағдай тұрақты, халыққа қауіп жоқ.

Қала тұрғындарынан медициналық көмекке жүгіну фактілері мен зақымдану фактілері тіркелмеген.

Нақты ақпараттар келіп түсуіне қарай Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлімет береді» деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button