Қоғам

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы оның адвокаты Толқын Әбілова хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы прокурормен келісілген және барлық шектеулер алынып тасталған.

Сондай-ақ Ботагөз Омарова қамаудан босатылғаны белгілі болды.

«Айтпа, Ботагөз» Telegram-арнасының авторы, журналист Ботагөз Омарова Омарова осы жылдың 20 ақпаны мен 7 наурызы аралығында Instagram және Telegram парақшаларында аталған компанияның Астанадағы ат спорты кешенінің құрылысы бойынша «Ремстрой-1» жұмысшыларына қарызы бар деген ақпаратты таратқан еді.

21 наурызда жалған ақпарат таратты деген айыппен Ботагөз Омарова екі ай мерзімге үйқамаққа алынған болатын. Кейін қамау мерзімі тағы бір айға – яғни 21 маусымға дейін ұзартылды.

Кеше Ботагөз Омарова «ВД Строй-Инжиниринг» компаниясы мен оның директоры Азамат Үсімбеков туралы бұған дейін жариялаған ақпаратының жалған екенін мойындап, ресми түрде теріске шығарды.

«Мен жариялаған бұл мәліметтер шындыққа жанаспайды», — деді журналист. Оның айтуынша, қолында компанияның қарызы жоқтығын растайтын құжаттар болса да, ол жалған ақпарат таратуды жалғастырған. аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. «Мен ақпараттың шынайылығы, объективтілігі мен бейтараптығы қағидаларын, сондай-ақ “Масс-медиа туралы” заңда көрсетілген журналистиканың негізгі принциптерін елемегенімді мойындаймын. Компания басшылығының қатысуымен маған “ВД Строй-Инжиниринг” ЖШС-нің “Ремстрой-1” ЖШС алдында қарызы жоқ екенін дәлелдейтін құжаттар көрсетілді. Соған қарамастан, мен жалған ақпарат жариялауды тоқтатпадым. Осылайша, жаңа оқырман жинап, аудиторияның қызығушылығын арттырмақ болдым. Салдарынан бұл жарияланымдар “ВД Строй-Инжиниринг” ЖШС-нің және оның құрылтайшыларының құқықтарына, заңды мүдделеріне әрі іскерлік беделіне нұқсан келтірді. Мен бұл ісіме шын жүректен өкінемін және ресми түрде кешірім сұраймын», – деп жазды журналист.

Сондай-ақ автор бұл жарияланымдардан зардап шеккен немесе жаңсақ пікір қалыптастырған аудиториясынан да кешірім сұрады.

 

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button