
Қайрат Сатыбалдыны дәріске шақырған Алматыдағы Момышұлы атындағы әскери колледж басшысы қызметінен қуылды. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді, деп хабарлайды tiek.kz.
Ахмедиевтің айтуынша, Қайрат Сатыбалдының келуіне Қорғаныс министрлігінің қатысы жоқ. Оқу орны министрліктің келісімінсіз ұйымдастырған. Сатыбалдының колледжге баруы оның оқу орнын тәмамдағанына 40 жыл толуына орай, түлектердің бастамасымен ұйымдастырылған.
«Ол колледжге осы оқу орнын бітірген түлек ретінде барған. Оның студенттерге дәріс оқығаны туралы ақпаратты алғаш рет естіп отырмын. Лекция оқыған жоқ, оқымайды да! Дәріс оқу үшін ол колледждің профессорлық-оқытушылық құрамына енуі керек», – деді Дархан Ахмедиев.
Бұған дейін БАҚ беттерінде Қайрат Сатыбалдының әскери колледж студенттерімен кездесуге барғаны туралы хабар тараған еді.



