Экономика
Тренд

«Әкімшілік амнистия»: 36 миллиард теңгеге жуық қарыз кешіріледі

Әкімшілік амнистия аясында азаматтардың 36 миллиард теңгеге жуық берешегі кешіріледі.Бұл туралы Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева мәлімдеді.

Оның айтуынша, амнистияны қолдану үшін азаматтарға ешқайда барып, өтініш жазудың қажеті жоқ. Барлық рәсім автоматты түрде жүргізіледі. Депутаттың сөзінше, әңгіме негізінен айыппұлдар мен өсімпұлдарға қатысты болып отыр. Қазір тиісті мемлекеттік органдар берешектерді автоматты түрде есептен шығару жұмыстарын жүргізуде.

Бұған дейін Мәжіліс Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы заң жобасын қарауға қабылдаған болатын. Құжат аясында бірқатар азаматтарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босату қарастырылып жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button