Қоғам

ХҚКО тұрғындарды көлік құралдарын онлайн тіркеуге шақырды

Кеше тұрғындар Астана қаласының №1 Мамандандырылған ХҚКО-да (Халыққа қызмет көрсету орталығы) операторлардың аздығын айтып шағымданған болатын.

Желіде осындай видео пайда болғаннан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ресми жауап берді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ 2026 жылы 19 мамыр күні №1 мамандандырылған ХҚКО-да азаматтарды қабылдау кезінде мамандардың саны шектеулі болғанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта қызмет көрсету барысын тұрақтандыру және мемлекеттік қызметтердің сапасы мен жеделдігін арттыру бойынша тиісті шаралар қабылданған.

«Айта кетейік, жеке тұлғалар көлік құралдарын қайта тіркеу қызметін мамандандырылған ХҚКО-ға бармай, онлайн түрде «ЦОН» мобильді қосымшасы, eGov.kz порталы және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы пайдалана алады.

Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — делінген хабарламада.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button