Интеллект дәуірі
Тренд

Алатау қаласында аэротакси ұша бастады (ВИДЕО)

Алатау қаласында жаңа аэротакси сынақтан өткізілді

Ауаға көтерілген eVTOL AutoFlight аппараты пилотпен бірге бес адамға дейін тасымалдай алады. Мамандардың мәліметінше, әуе көлігі сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдықпен ұшып, 200 шақырым қашықтықты еңсере алады. Сонымен қатар аэротаксидің жүк көтеру мүмкіндігі 2,4 тоннаға дейін жетеді.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, 17 мамыр күні аэротаксидің алғашқы сынақ ұшуы өткен.

«Кеше ұшқышсыз аэротаксидің тестілік ұшуы өтті. Бұған дейін біз мамыр айында қытайлық AutoFlight компаниясының аппаратына алғашқы сынақ жүргізетінімізді айтқан едік. Соның алғашқы ұшулары жүргізіле бастады» , — деді министр.

Аэротакси төрт жолаушыға арналған. Қазір «Аллюр» және «Алатау Advanced Group» компаниялары сынаққа арналған ұшқышсыз аппараттарды сатып алуда, ал мемлекет бір мезгілде қону алаңдары мен операциялық орталық салумен айналысып жатыр.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button