Қоғам

Атыраудағы трагедия: Сұлтан Сәрсемалиев сотқа жеткізілді

Атырауда бір отбасының мүшелерін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесі басталды.

Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс бірнеше кезеңмен жасалған: алдымен оның жұбайының ағасы Наурыз өлтірілген, ал арада жарты жыл өткен соң әйелінің ата-анасы мен әпкесі қаза тапқан.

Атырауда төрт адамды өлтірді деген күдікпен қамауда отырған Сұлтан Сәрсемалиев сот ғимаратына жеткізілді. 2026 жылдың 18 мамырында қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталады. Сот залына қаза тапқандардың туыстары, қала тұрғындары және Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген БАҚ өкілдері жиналды.

Іс ашық форматта қаралып жатыр. Қылмыстық істі судья Зарема Хамидуллина қарайды. Ол бұған дейін де аса ауыр қылмыстар мен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына қатысты бірқатар резонансты істермен танылған.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button