Саясат
Премьер-министрдің тағы бір орынбасары тағайындалды
Бұл лауазымға бұрынғы Энергетика министрі, сондай-ақ Алматы облысында әкім болған Қанат Бозымбаев келді
Қанат Бозымбаев белгілі бір салаға жетекшілік ету үшін келген сыңайлы. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің жазбасына сүйенсек сондай ой келеді
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік етеді», — деп жазды желі парақшасында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.



