Экономика
Тренд

«900 мың теңге дымға жетпейді»: Депутат Базарбек жалақысының аздығын айтты

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қазіргі жалақысы өмір сүруге жетпейтінін айтты, деп хабарлайды tiek.kz.

Депутаттың айлығы шамамен 900 мың теңге болғанымен, бұл қаражат барлық шығынды жабуға жеткіліксіз.

«Бір баланы балабақшаға немесе қандай да бір үйірмелерге апару, киіндіру үшін кем дегенде 300 мың теңге кетеді. Азық-түлік бағасының өсіп жатқанын ескерсек, бір миллион теңге жетуі мүмкін емес. Мысалы, менің алатын 900 мыңнан астам жалақым жеке өзіме жетпейді. Сондықтан мен әйеліме де жұмыс істеуін өтіндім», – деді Бақытжан Базарбек  Үкімет кулуарында журналистерге берген сұхбатында.

Депутат бұған дейін де еңбекақы мәселесіне қатысты пікір білдіріп, өзінің атқарып жүрген жұмысы ресми міндеттен әлдеқайда көп екенін айтқан болатын.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button