Қоғам

Көкшетаудағы қайғылы оқиға: жүргізушінің куәлігі жоқ болып шықты

Көкшетауда әйел адамның өліміне алып келген жол-көлік оқиғасына байланысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлікті басқарған әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған және арнайы оқудан өтпеген.

«Жүргізушіге қатысты адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар көлік иесі – күдіктінің жұбайына қатысты да қылмыстық іс қозғалған. Ол көлікті жүргізуге құқығы жоқ адамға басқаруға бергені үшін жауапқа тартылып отыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Бүгін, 11 мамырда Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button