Қазақ жігіті Лондонда беделді ауданының мэрі болды (ВИДЕО)
Санжар бұл ауданда мектеп жасынан бері тұрады. Атақты Malvern College колледжін және университетті тәмамдаған.

33 жастағы қазақ жігіті Санжар Әбішев Лондондағы Сент-Джеймс ауданының мэры болып сайланды.
Бұл жаңалықты кәсіпкер Қанат Көпбаев өзінің инстаграм желісінде бөліскен.
Қазақ жігіт Лондондағы St. James ауданының мэры болып сайланды!
Менің ескі досым, кәсіпкер Азат Абишевтың ұлы Санжар небәрі 33 жаста. Лондондағы атақты Malvern коллежін, сосын университет бітіріп, енді қалалық Westminster City council атқарушы органына мүше болып енді. Консервативті партия өкілі ретінде, бас бәсекелес лейбористерден 350 дауысқа озып шықты.
Құтты болсын Санжар Азатұлы, үлкен саяси шыңдардан көріне бер!», — деп жазған ол өзінің instagram парақшасында.
Сент-Джеймс – Лондонның тарихи орталығында орналасқан беделді аудан. Ол Пикадилли, Pall Mall және Regent Street көшелерінің арасында, Букингем сарайынан жаяу жүретін қашықтықта орналасқан.
Мұнда Сент-Джеймс саябағы мен бүкіл Корольдіктегі ең қымбат жылжымайтын мүлігі орналасқан.
Санжар бұл ауданда мектеп жасынан бері тұрады. Атақты Malvern College колледжін және университетті тәмамдаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



