Саясат
Тренд

Құрылтай депутаттары бес жылға сайлануы мүмкін

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутат Айдос Сарым  жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын бес жыл мерзімге сайлау ұсынды.

«Заң жобасына сәйкес, Құрылтай құрамы 145 депутаттан тұрады. Олар пропорционалды жүйе бойынша сайланады және өкілеттік мерзімі бес жыл болады. Бүгін біз мемлекеттік билік жүйесіне “Парламент” сөзінің орнына “Құрылтай” ұғымын қайта енгізіп отырмыз», — деді депутат жаңа Конституция нормаларын жүзеге асыру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасын таныстыру барысында.

Ұсыныс бойынша заң 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңдардың күші жойылады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button